ТЕПЕҢ

«Ана тілінен»
Қапелімде сұралды,
«Бір» алды.
 
«Қазақ тілінен»
Лағып кетті беталды,
«Екі» алды.
 
«Орыс тілінен»
Күңкілдеді, тұсалды,
«Үш» алды.
 
Төртке ойламас жетем деп,
Міне, осылай Бекенбек,
Келеді әлі өзгермей
Тепең-тепең,
Тепеңдеп.