МЕНІҢ ШАРЛАРЫМ

Шарларым сары,
Шарым көк.
Зуладым тағы,
Дамыл жоқ.
 
Таласты інім,
«Бер» деді.
Мен бе едім мұның
Ермегі?!
 
«Қорқытпа жылап
Сен!» – дедім.
Бұралды құлақ,
Бермедім.
 
Шарларым сары,
Шарым көк.
Жарылды бәрі,
Шарым жоқ!..