БАҚШАДА

Көңілді бар бала,
Бақшаға, баққа енсек.
Ойнаймыз аулада,
Тебеміз әткеншек.
 
Шешеміз жұмбақ та,
Жаңылтпаш айтамыз.
Кешкілік үй жаққа
Үлкейіп қайтамыз.