ТҮЛКІ

Қалың орман, ну орман,
Түлкі деген қу болар.
Тауықтарды жеп кетсе,
Ата, үлкен шу болар.
 
Сондықтан да дұрысы,
Атып алған оң болар.
Тауықтарға тыныштық,
Маған ішік, тон болар.