КҮНБАҒАР

Таңертең де, түсте де
Күнге бетін бұрады.
Тостағанын кішкене
Тосады да тұрады.
 
Күн еңкейсе, қайтадан
Ол да солай аунайды.
Күнді зерттеп байқаған
Ғалымнан бір аумайды.