КҮЗ

– Алақай!
– Алақай!
Шаттанады
Балақай:
– Жез түсті
Күз түсті.
Жон үсті,
Дән пісті.
Жер берді
Жемісті,
Игерді ел
Егісті.
Толымды,
Жеңісті.
Сабақты
Сағындық,
Мектепке
Ағылдық.
Бір сынып
Жоғары
Көштік біз,
Бір-бір жас
Өстік біз,
Береке –
Салты күз,
Мереке –
Алтын күз!