АТА ТІЛЕГІ

Айналайын балашым,
Аман болсын анашың!
Аман болсын әкең де,
Ағатайың, тәтең де!
Өзің тәтті болдай бол,
Өсіп, өсіп, таудай бол,
Өмір жолын таңдай біл!
Оқуда зерек бол.
Ұйқыда сергек бол,
Істе шебер бол.
Сөзде шешен бол,
Ойда мәнді бол,
Тойда сәнді бол,
Ұрыста батыр бол –
Жұртыңа татыр бол!