Ернұр Сейдахмет

Ернұр Сейдахмет (1984 ж.т.) – жас ақын. Жезқазған қаласында дүниеге келген. 2002 жылы Жезқазған қаласының №13 орта мектебін бітірген. Содан кейін Ө.А. Байқоңыров атындағы университетте білім алып, инженер-технолог мамандығын меңгерген. Балаларға арналған республикалық «Астана-Бәйтерек» (2007), «Балауса» (2013), Халықаралық «Дарабоз» (2012) конкурстарының жеңімпазы. «Қашан үлкен боламын?» (2010), «Тентек доп» (2012), «Күлші, қане, балақай!» (2014) кітаптарының авторы. Қазіргі уақытта «Қазақмыс» корпорациясының қызметкері.