Қастек Баянбай

1936 жылы 15 қарашада Алматы облысының Алакөл ауданындағы Талдыбұлақ деген жерде дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінде білім алған. 1960 жылдан бастап Алакөл аудандық, 1965 жылдан бастап Алматы облыстық газет редакцияларында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып істеген. 1971–1995 жж. «Жазушы» баспасында редакция меңгерушісі, «Жалын» баспасында Бас редактор қызметтерін атқарған.
Балаларға арналған «Арғымақ» атты алғашқы жинағы «Жазушы» баспасынан жарық көрген. Өлеңдері бастауыш сынып оқулықтарына, көмекші құралдарға еніп, кейбіріне әндер жазылған, ертегілері бойынша мультфильмдер түсірілген, орыс, украин, белорус, өзбек, болгар, молдован, түрікмен, әзірбайжан, литван және басқа тілдерге аударылған.
1986 жылы «Тәтті сабақ» жинағына І.Жансүгіров атындағы сыйлық берілген.
Бельгия ақыны Э.Верхарнның, болгар ақыны Л.Левчевтің, орыс ақындары С.Михалковтың, А.Бартоның, Р.Рождественскийдің, З.Александрованың, якут ақыны С. Даниловтың, түркімен ақыны Қ.Тәңіріқұлиевтің, молдован ақыны Г.Виерудің және т.б. ақындардың туындыларын қазақшалаған. Екі томдық «Орыс поэзиясының антологиясын» аударуға қатысқан.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2005) марапатталған.
Шығармалары: Арғымақ. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1962; Атай неге солақай. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1964; Адамға хат. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1966; Балаларға базарлық. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1966; Шапағатты шақ, Өлеңдер. «Жазушы», 1968; Ильич пен аңшы. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1970; Ақ шағала. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973; Қол шатыр көтерген он батыр. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1974; Әсем әлем. Таңдамалы өлеңдері. А., «Жалын», 1976; Құс сүті. Өлеңдер. А., «Жалын», 1977; Алау. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1978; Зайчик в очках. Стихи. А., «Жалын», 1979; Богатыри под дождем. Стихи. М., «Детская литература», 1979; Жол. Таңдамалы өлеңдері. А., «Жазушы», 1982; Тәтті сабақ. Өлеңдер. А., «Жалын», 1984; Той. Таңдамалы өлеңдері. А., «Жалын», 1986; Бір қоржын жаз. Өлеңдер. А.,»Жалын», 1991; Жүз жыл жаз. Таңдамалы өлеңдері. А.,»Балауса», 1995; Құс сүті. Таңдамалы өлеңдері. А., «Жалын», 1996; Қырық күн шілде. Өлеңдер. А., «Рауан», 1997; Юрта. Стихи. А., «Шартарап», 2001; Кемпірқосақ. Өлеңдер. Аст., «Балалар әдебиеті», 2003. Асар. Әңгімелер. «Балалар әдебиеті», А., 2006; 2 томдық таңдамалы шығармалары. «Балалар әдебиеті», А., 2007; Араша. «Раритет», А., 2008.

Публикации автора (13)

АЛА ҚАП

Қоянның кең кеуегі Көжектерге толы еді. Жарқырап таң атқанда Толығырақ →

1563 рет оқылды
Сақтау

ӨЖЕТ КӨЖЕК

Бірі қорқақ, Бірі өжет, Ағайынды сұр көжек, Тумысынан қаңғыбас, Толығырақ →

4856 рет оқылды
Сақтау

КӨРШІЛЕР

Төбесі көк тіреген Тарамыстай ұлы емен Қысқа қарай қуарып, Толығырақ →

1304 рет оқылды
Сақтау

ЕСЕКТІҢ АРҚАСЫ

Жалы желге жалбырап, Басы жерге салбырап, Толығырақ →

1306 рет оқылды
Сақтау

ЕРЖҮРЕК ШӨЖЕ

Көк тұмандай тондары, Жермен-жексен бойлары. Ағайынды бес тышқан Жайлаған бай қойманы. Толығырақ →

1315 рет оқылды
Сақтау

АРАША

Сүтке малған тұмсығын Сүртіп отыр бір шыбын. Төгіп-шашып бұл ақты, Артық ішкен сияқты. Толығырақ →

2708 рет оқылды
Сақтау

НАУРЫЗ

Өніп еккен дәніміз, Бүршік жарды бағымыз. Толығырақ →

1998 рет оқылды
Сақтау

ЖАРЫС

Қос жеңімді түрініп, Түстім жаяу жарысқа. Толығырақ →

1611 рет оқылды
Сақтау

АСАР

Ағасы үй жұмысын Қауымдасып жасарда, Толығырақ →

1602 рет оқылды
Сақтау

ЖЕЗДЕ

Мен білмейтін біреуге Шықты әпкем күйеуге. Толығырақ →

1878 рет оқылды
Сақтау