Оспанхан Әубәкіров

 (1934–1986)

4 мамырда Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үшбұлақ ауылында туған.
Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясының театр факультетін тамамдаған. Мамандығы актер болғанымен, өзінің шығармашылық мұратын сатирадан тапқан.
Ол республикалық газеттерде, «Ара» журналында қызмет істеген. Сатиралық жанрмен бірге, балаларға арналған өлеңжыр, ертегі, пьеса, белгілі композиторлардың әндеріне мәтін жазумен, аудармамен де айналысқан. Әзиз Несиннің «Ахиреттен келген хаттары», Бранислав Нушичтің «Менің өмірбаяным», Лао Шэнің «Мысықтар қаласын», Э.Рапкенің «Мюнхаузеннің хикаяларын» қазақ оқырмандарына ұсынған.
1983 жылы балаларға арналған «Қағаз қалпақ» сатиралық жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығы берілді.
Шығармалары: Қоңырау. Суреткітапша. А., ҚМКӘБ, 1961; Бытбылдық. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1962; Жасыратын не бар. Әзілсықақ, мысалдар. А., ҚМКӘБ, 1963; Қалтадағы қайық. Суреткітапша. «Жазушы», А., 1964; Күлемізау. Сатиралық өлеңдер. А., «Жазушы», 1967; Солақай. Сықақ өлеңдер. А., «Жазушы», 1968; Көктайғақ. Сықақ өлеңдер. А., «Жазушы», 1969; Сиқыр. Сықақ әңгімелер. А., «Жазушы». 1971; Сүзеген сөз. Сықақ өлеңдер, А., «Жазушы», 1973; Ымды білесіз бе? Сықақ әңгімелер, мысалдар. А., «Жалын», 1978; Жасыратын не бар? Таңдамалы. А., «Жазушы», 1979; Қағаз қалпақ. Өлеңдер, тақпақтар, сықақтар, ертегілер, жаңылтпаштар, жұмбақтар. А., «Жалын», 1983; Өзіміз білеміз. Сықақ өлеңдер. А., «Жазушы», 1984.

Публикации автора (3)

«КӨКПАРДЫҢ» ИІСІ

Азат – Мұхтардың ағасы, бақандай үш жас үлкендігі бар. Үлкені момын да, кішкентайы тентек. Толығырақ →

2109 рет оқылды
Сақтау

ТЫРТЫҚТЫҢ СЫРЫ

Дырдан ең соңғы партада отырады. Былтырғы мекені де осы еді, класта қалып қойған соң биыл да өзінің сүйікті орнына қайта ие болды. Толығырақ →

2309 рет оқылды
Сақтау

ҚАЛТАДАҒЫ ҚАЙЫҚ

Бір күні Азамат пен Болат екеуі асыр салып ойнап жүр еді, тау жақтан пырылдап ұшып келе жатқан тікұшақ көрінді. Толығырақ →

2101 рет оқылды
Сақтау