
Тұрдақын Жексенбай
1938 жылы Қытайдың Іле аймағы, Текес ауданы, Шолақмыс деген елді мекенінде туған. 1956 жылы Ахметжан Қасыми атындағы Құлжа педучилищесін бітірген. 1956–1961 жылдары сол училищеде тіләдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. 1961–1962 жылдары Алматы облысы, Ұйғыр ауданындағы Қырғызсай орта мектебінде ұстаздық қызмет атқарған. 1968 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған.
1968 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде, 1968–1997 жылдар аралығында «Қазақ энциклопедиясы» бас редакциясында қызмет еткен. 1997–2006 жылдары «Атамұра» корпорациясында қазақ тіліндегі әдебиеттер редакциясын басқарған. 2006 жылдан еркін шығармашылық жұмыста.
«Аялы алақан», «Тау хикаялары», «Түлкі мен қоян», «Бүркіт», «Қоңыр қонжық», «Әліпби әңгімелері» сияқты прозалық кітаптардың авторы. «Арманай», «Сарбұлағым», «Алатауым» атты әндері бар. «Азулылар айқасы» атты тұңғыш әңгімелер жинағы 1985 жылы шыққан.
Қазақстан Республикасының үздік баспагері. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен және медальдарымен марапатталған.
Публикации автора (7)

БАҚА МЕН БАЛЫҚ
«Өзі балпақ, басы жалпақ, бұты талтақ» бір Бақа көл жағасындағы көгалда жүрген. Ол секіре-секіре көл шетіне келіп, мөлдір суға қызыға қарап отырды. Толығырақ →

ЛАҚ ПЕН БҰЛАҚ
Ақ ешкінің қардай аппақ Ақ лағы енесімен бірге өрісте жүрген. Ол жанында сылдырай ағып жатқан Бұлаққа келіп, оны кешіп тұрып су ішті. Толығырақ →

ИНЕЛІК ПЕН ТИІН
Орманды мекендейтін жирен Тиін ағаштағы ұясының алдында отырған. Оның қасына бадырақ көз, инедей жіңішке бір Инелік ұшып келді. Толығырақ →

ТҮЛКІ МЕН ҚОЯН
Ұзын құлақ сұр Қоян қашып келіп, бұта түбінде бұғып отырған. Бір қу Түлкі оның ізіне түсіп, қуып келе жатқан. Толығырақ →

СУЫР МЕН СҰР ҚОЯН
Тау беткейіндегі қалың орманның шет жағын балпиған бір сары Суыр мекендеуші еді. Ол таңертеңгілік інінен сыртқа шықты. Толығырақ →

ҚАСҚЫР МЕН ҚАРА ҚОЗЫ
Ол кезде әкей ұжымшардың қойын бағатын. Мектептен жазғы демалысқа тарасымен, мен де малдың бір жағына шығысып, о кісіге қолғанат болатынмын. Толығырақ →