Асау шаңғы

Шаңғы сатып әперді,

Зымыраймын әке енді-

Дегем кеше, бүгін мен

Шыға салып үйімнен.

Мініп көріп шаңғыға,

Жүрмек болдым алдыға.

 

Қалт-құлт етіп бұл қалай?

Тұрмын әрең құламай,

Бір, екі,үш бастадым,

Бәрін артқа тастадым.

 

Бірнеше рет құладым.

Сонда да мен шыдадым.

Сырғанадым ақырын,

Жүрдім қанша шақырым?

 

Тулап еді жайындай,

Асау еді тайымдай,

Келдік, міне, қыр асып,

Қалды шаңғым жуасып.