Қарашықтай қалашық

Қала iшiнде,

Қала бар.

Қонағы оның - балалар…

Нән қамалдар,

Сәндi үйлер,

Ертегiге барабар…

 

Жүрегiме тұнып ән,

Қараймын да қызығам:

Салынғандай бұл қала,

Хрусталь мен шыныдан…

 

Мұз қалашық өркендеп,

Шат күлкiмен көркеймек…

Алаңдаймын:

Мұз-әйнек,

Сынып кетпесе екен деп…

 

Өзгеше ғой мынау қыс,

Шынығамыз – тұмаусыз…

Қарашықтай –

Қалашық,

Салғандарға мың алғыс!..