Қысқы бұлт

Қыстағы бұлт – түтiндей,

Көктi жабар бүтiндей:

Аяқ асты қар жауар,

Күн күркiреп, күрсiнбей…

 

Көшiп, қонбай шалт, шұғыл,

Еңсемiздi басты бұл:

Қысқы бұлттар –

Бұлт емес,

Соқыр тұман кәттi бiр…