КОСАТКА БАЛЫFЫ ҚАЛАЙ ЖЫРТҚЫШҚА АЙНАЛДЫ?

Ертеде косатка мен пингвин дос болыпты. Сол кезде пин-

гвин құрлықта да, суда да өте жай жүзеді екен. бірде косатка пингвинге жаны ашып, қалайша тез жүзу керек-тігін үйретіпті. Бірнеше жылдан кейін пингвинде жүзбе қанат-тары пайда болып, суда өзін балықтай сезінетін деңгейге жетіпті.

Сонда косатка:

– Мен саған жүзуді үйреттім. Енді сен маған құрлықта қалай жүру керектігін үйретші, – дейді.

Пингвин қалай үйрететінін білмей, күнде ертең дей беріпті. Бір орында шектелмей, үнемі әр жерге барып саяхаттауға құмар косатка күндердің күнінде Антарктидадан алыстап, Атлант мұхиты арқылы Арктикаға барыпты. Арктикада ол ақ аю, итбалықты кө­реді. Оларға ол:

– Маған пингвин қалай құрлықта жүретінін үйретпеді. Бәлкім сендер маған үйретерсіңдер, – дейді.

– Жақсы, – дейді ақ аю. – Алдымен жағаға шық, сосын итбалық екеуміз саған жақсылап үйретейік.

Косатка жағаға шыққанда ақ аю оны байлай жөнеледі де, итбалыққа:

– Тезірек, табақ, пышақ алып кел. Біз бүгін тойып тамақ­та­найық, – дейді.

Итбалық табақ, пышаққа жайлап барамын дегенше косатка секіріп суға сүңгіп кетеді.

– Мен енді сендерге сенбеймін. Алдағы уақытта көрсем жейтін боламын, – деп Антарктидаға қарай бетке алады.

– Қап, мына оңбағанның сөзін естідің бе? Жыбырлап, неге табақ пен пышақты жылдам әкелмедің? – деп ақ аю итбалыққа тұра ұмтылады. Итбалық әупірімдеп қашып үлгереді. Содан бері Арктикада жүрген итбалықты көрсе, ақ аю жейтін болыпты.

Атлант мұхитының оңтүстік бағытымен Антарктидаға жүзіп жеткен косатка бар көргенін пингвинге айтыпты. Бұл кезде пин-гвин достарымен жиналып, мұздықта аш тұрған болатын.

– Үйретер едім. Бірақ, білесің ғой, менің жай жүретінімді.

– Ештеңе етпейді. Мен жай жүрсем де құрлықта қалай өмір сү­ру керектігін үйренсем деймін.

– Жақсы, ендеше. Жағаға шық.

Косатка жағаға шыққанда пингвиндер косаткаға жабыла жө­неледі. Бір пингвин оның денесіне пышақ салып жаралайды. Ал басқалары от жаға бастайды. Жаралы косатка пингвиндерден әрең дегенде құтылады.

Суда біраз жүзгеннен кейін косатканың достары оны емдейді. Косатка бар көргенін айтып беріп:

– Алдағы уақытта құрлықта жүрген кез келген аңға шабуыл-дап жейтін болыңдар. Оларды аямаңдар. Бұлар біздің дұш­пан-дарымыз, – дейді.

Осылайша бір кезде Антарктидада момын балық болған косатка жыртқышқа айналады. «Дұшпандарынан» кек алу мақсатында әр мұхитта жүретіні осыдан қалса керек. Жағаға жақындағанда «пингвин, ақ аю, итбалық жоқ па екен» деп іздейтіні осыдан қалса керек.