АСТАНА

Жаңа қала, жас қала,
Жас болса да – бас қала,
Сарыарқаның төрінде
Бой көтерген Астана.
 
Үйлері бар үлдедей,
Көшесі бар бүлдедей.
Жап-жарық боп тұрады
Күндіз демей, түн демей.