КІШКЕНТАЙ АЛЫПТАР

Ерінбей керегін тереді,
Неғылған шетінен ел еді?
Өзінен үлкенді арқалап келеді...
Бар үлкен ауылы,
Іскерлер қауымы.
Жұмысқа тым ұста.
Бұл келе жатқандар –
Қың демей,
Үндемей
Жүретін құмырсқа!
Шаршаса тыныстап алады,
Бір-бір дән тістепті.
Сап түзеп аяңдап барады
Кәдімгі алыптар іспетті...