ЖУМАЙДЫ ҚОЙ ҚҰЛАҒЫН

Тамақтың буы бұрқырап,
Төргі дастархан құлпырад.
Бас ұстаған ақсақал
Бермекші балаға бір құлақ.
 
Тез өзгергені-ай түрінің,
Тыржитты және мұрынын.
Ауырып тұр ішім деп,
Асырмақ болды қулығын.
 
Біртүрлі бүгін жанары,
Бейтаныс тағамға балады.
Секем алып, сескеніп,
Жиіркеніп, жиырыла қарады.
 
Бір отырып, бір тұрып,
Қария көрсе де ұмтылып.
Жемеймін деді мен оны,
Жемеймін деді жұлқынып.
 
Жедел жүргізбей бір адым,
Жауабын тағы сұрадым:
«Жемейтін басты себебім –
Жумайды ғой қой құлағын».