НЕМЕРЕ

Биіктегі күнім бе,
Бау ішінде гүлім бе,
Санжар атты немере
Бірге толды бүгінде.
 
Түр-түсі де өзгерді,
Күлкісі де өзгерді,
Қартайған ата-әжеге
Қызық бар ма өзге енді.
 
Қылығы да сүйкімді,
Қозғалысы да сүйкімді,
Тәттілігін сезген соң
Тіпті ұмыттым ұйқымды.
 
Қуаныш нұры тараған,
Көзі күлімдеп қараған,
Нағыз бақыт иесі –
Немересі бар адам.