ӘУЛЕТ ӘЛІППЕСІНЕН АҚЫЛ-НАҚЫЛ

Ойнап-күліп жүру керек,
Ойлап жүріп-тұру керек!
Жеті жасқа жетпей бала
«Жеті атасын» білу керек!
 
«Жеті атасын» білмеген,
Құлағына ілмеген,
Ұятқа қалып алқада:
«Арғы тегі – құл!» деген.
 
Тұра алмайды тосылмай,
Жүре алмайды қатесіз...
«Желікбасты» осындай –
Дейді халық: «Жетесіз!»
 
«Жетесізден» сақтанар,
Жеті жұртқа мақтанар,
Болғың келсе Жетелі –
«Жеті атаңды» жаттап ал!