ҚҰСТАР, ҚАЙТЫП КЕЛІҢДЕР

Қимас әнге салады,
Құстар қайтып барады.
«Қош болыңдар!» дегендей,
Қанаттарын қағады.
 
Сау-саламат болыңдар,
Жылы жаққа барыңдар.
Жылы ұяға қоныңдар,
Бейбіт құсқа орын бар.
 
Бізде туып едіңдер,
Әлі де өсіп-өніңдер.
Туған жерге не жетер,
Құстар, қайтып келіңдер!