Мәдіхат Төрежанов

Төрежанов Мәдіхат Сейітхожаұлы - (1921, Ақкөл ауданы Еңбек ауылы) – жазушы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1986). Семей мұғалімдер институтын бітірген (1941). Омбы облысы Шарбақкөл ауданында, Ақмола мектебінде мұғалім (1939 - 1941). Омбы қаласындағы авиациа зауытында жұмыс жасады (1941 – 45). Ақмола облысы мұғалімдер кәсіподақ ұйымының төрағасы, Қорғалжын мектебінде оқу ісінің меңгерушісі, мұғалімдер білімін жетілдіру институтында кабинет меңгерушісі (1946 – 81) болды. Т-тың алғашқы өлеңдері 1938 ж. жарық көрді. 1981 жылдан зейнеткерлік демалыста. Орден, медальдармен марапатталған.

Публикации автора (1)

САРЫ ТАУЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАЛАПАНДАРЫ

Күздің алғашқы айы. Сары тауық балапандарын ертіп, шегіртке қуып, ауылдан ұзап кеткен. Толығырақ →

1303 рет оқылды
Сақтау