Медеу Сәрсеке

Медеу СӘРСЕКЕ (1936 ж.т.) – жазушы. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қайнар ауылында дүниеге келген. Қазақ кен-металлургия институтын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1958). «Ғажайып сәуле» (1959), «Көрінбестің көлеңкесі» (1960), «Жетінші толқын» (1964), «От және атом» (1965) повестері жас жеткіншектерге арналған. А. Беляевтің «Қос мекенді адам» романын қазақ тіліне аударған. «Құрмет» орденінің иегері (2001), «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі-нің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Абыралы ауданы және Семей қаласының Құрметті азаматы.

Публикации автора (1)

ҚАУЫРСЫН ҚАЛАМ, АFАШ ҚАЛАМСАП ЖӘНЕ БОЛАТ ҚАЛАМҰШ

Ақ қаз су жағасында мамырлай жайылып жүр еді, құлағына шаң-шұң керіскен дауыс естілді. Толығырақ →

481 рет оқылды
Сақтау