Нұрлан Қалқа

Нұрлан Қалқа (1967 ж.т.) – ақын, журналист. Алматы облысы, Шелек ауданы, Масақ ауылында (Асы жайлауында) туған.

«Әке» атты тұңғыш өлеңі 1984 жылы «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде басылған. «Біздің ауыл Ақкердің баурайында» (1996), «Халық құрметі» (2004), «Тау тұлғалы Темаға» (2004), «Райымбек» (2005), «Алматым жүрегімде» (2008) атты ұжымдық жинақтарға шығармалары енген. «Сейтек сарыны», «Астана», «Ырымдар және түс жору», «Астана – жыршуағы», «Балбөбекке бәсіре», «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» атты кітаптардың құрастырушысы.

Шығармалары: «Ұлттық журналистиканың саңлағы». Зерттеулер, әңгімелер, новеллалар, ертегілер. А., «Ана тілі», 1998; «Қазақстан жас ақындарының антологиясы». Ұжымдық жинақ. Өлеңдер топтамасы. Үкіметтік басылымдар редакциясы. Астана. 2000; «Қос ішек». Өлеңдер топтамасы. Үкіметтік басылымдар редакциясы. Астана. 2000; «Аққу-жүрек». Өлеңдер, балладалар, толғаулар және поэма. Астана. «Елорда», 2002; «Арман қанатында». Әңгімелер жинағы. А., «Жалын», 2003; «Жыл он екі ай». Балаларға арналған өлеңдер, санамақтар, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мысалдар. А., «Балалар әдебиеті», 2005; «Отыз бесінші шілде». Өлеңдер мен балладалар. А., «Жазушы», 2008.

Публикации автора (4)

ӘЙБӘТ БАЛА

Әйбәт бала, Болғын дана, Айдана. Қолға қара, Толығырақ →

965 рет оқылды
Сақтау

ОТАНЫМНЫҢ ЖҮРЕГІ

Астанам – бағым, баспанам, Қарыштап, алға бас қадам. Толығырақ →

1626 рет оқылды
Сақтау

ЕЛОРДА

Елордам менің – Астана, Осында жаңа бастама. Толығырақ →

779 рет оқылды
Сақтау

ҚАЗАҚСТАН

Қазақстан, Ғажапстан. Туған елім, Азатстан. Толығырақ →

852 рет оқылды
Сақтау