Әкім Ысқақ

Әкім Ысқақ (1960 ж.т.) – ақын, журналист, қоғам қайраткері. Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Бөржар ауылында туған.

Балаларға арналған «Котлет» атты тұңғыш сықақ әңгімесі 1977 жылы «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде басылған. 

«Ерен еңбегі үшін», «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл», «Астана» медальдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен марапатталған. Моңғолияның «Шыңғысхан» медалінің иесі. Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі.

Шығармалары: «Қарлығаш». Өлеңдер. Жас ақындар жинағы. А., «Жалын», 1987; «Желтоқсан құрбандарын жоқтау». Ұжымдық жинақ. А., «Жалын», 1992; «Бір физиктің махаббаты». Сықақ өлеңдер. «Жібек жолы», 1993; «Айтшы, өмір». Өлеңдер жинағы. 1994; «Үш жүздің басын қосқан Ордабасым». Тарихи танымдық кітап. «Жібек жолы», 1994; «Абзалдық әліппесі». 1996; «Гүл қауызындағы тамшы». Өлеңдер жинағы. «Нұрлы әлем», 1998; «Адам іздеп жүрмін». Эссе. «Нұрлы әлем», 1999; «Бақыт жолы». Әндер жинағы. 2001; «Жүректегі жазулар». Эссе. «Сенім», 2002; «Күн ұлымын». Өлеңдер. «Сенім», 2002; «Жан жаңбыры». Өлеңдер. «Елорда», 2003; «Бек». Эссе. 2004; «Біздің Бапақ». Балаларға арналған сатиралық өлеңдер. «Ғасыр», 2005; «Записки сердца». Эссе. 2002; «Мелодий дождя». 2002;

Публикации автора (8)

АЛДАР КӨСЕ

– Ау, Бапақжан, бұл қалай, Қой дегенге тыңдамай, Толығырақ →

1085 рет оқылды
Сақтау

ТАУБАЙ

Бәтеңкесі бір күнде Жыртылады, пай-пай. Толығырақ →

1108 рет оқылды
Сақтау

ӘЙНЕК

Інісіне төрттегі «Әліппесін» алып кеп. Толығырақ →

1148 рет оқылды
Сақтау

«БІЛЕМІН ҒОЙ»

– Конфеттің бұл ұнарын Сездіріп тұр жанарың. Толығырақ →

981 рет оқылды
Сақтау

КІМ КІНӘЛІ?

Бапақ шықты тақтаға, Көздегені «бес» еді. Толығырақ →

975 рет оқылды
Сақтау

ТУЫСТЫҚ – ТЫМ ЫСТЫҚ

Алақай! Балақай! Нұр тұнсын көңілге. Толығырақ →

1078 рет оқылды
Сақтау

ЕҢ ҚЫМБАТЫМ МЕНІҢ

Атам мені үнемі, «Құлыным» деп жүреді. Толығырақ →

1060 рет оқылды
Сақтау

ҚҰМЫРСҚА

Құмырсқам-ай, құмырсқа Тоқта, бір сәт, тыныста! Толығырақ →

2318 рет оқылды
Сақтау