Ұлықбек Есдәулет

Ұлықбек Есдәулет (1954 ж.т.) – ақын. Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Үлкен Қаратал ауылында туған.

«Көздеріңе ғашықпын» (1974), «Жұлдыз жарығы» (1977), «Алтайдың алтын тамыры» (1979), «Ұлыстың ұлы күні» (1982), «Ақ керуен» (1985), «Жаратылыс» (1989), «Жүректегі жарылыстар» (1995), «Перевалы Алтая» (1988), «Заманай» (1999), «Киіз кітап» (2001), «Ахиллесова пята» (2003), «Қара пима» (2006), «Ынтық зар» (2009), «Әбiлхаят» (естелiктерэсселер, 2009) кiтаптары, Таңдамалы шығармаларының 2 томдығы (2006), Шығармалар жинағының 6 томдығы (2006-2009) жарық көрген. Бірқатар өлеңдеріне сазгерлер ән жазды.

Өлеңдері көптеген халықтар тілдеріне аударылған. Ұ.Есдәулет аударма саласында да өнiмдi еңбек етіп жүр. Ол үндi, түрiк, фин, африка, араб, украин, әзiрбайжан, қырғыз, моңғол, абхаз ақындарының жырларын, М.Лермонтов, А.Блок, Н.Рубцов шығармаларын қазақ тiлiне тәржiмалаған.

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. «Құрмет» орденімен (2001), Ресейдiң Есенин алтын медалiмен (2007), Қазақстан Журналистер академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығымен (2007) марапатталған.

«Ақ керуен» атты өлеңдер жинағы үшін Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты (1986), «Киіз кітап» жинағы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2002) атанды.

Публикации автора (13)

БАҒДАРШАМ

Светофор – бағдаршам, Қарсы алдымда жанған шам. Толығырақ →

704 рет оқылды
Сақтау

ШҰБАР ТАУЫҚ

Шұбар тауық мүлдем, Жолатпайды барса. Ұясында жүрген Толығырақ →

719 рет оқылды
Сақтау

ЖАҢБЫР

Бұлттар неге ауады? Жаңбыр қашан жауады? Толығырақ →

2957 рет оқылды
Сақтау

ЕСЕП САБАҒЫ

– Мен шығам! – деп ерледі, Қол көтеріп Қосанбай. Толығырақ →

616 рет оқылды
Сақтау

ҚАРЫНДАШТАР

Мынау сары қарындаш, Мұнымен күнді бояймын... Толығырақ →

1144 рет оқылды
Сақтау

ҚЫСТА

Көшедегі бұзаудың Құйрығынан ұстап ап... Толығырақ →

550 рет оқылды
Сақтау

БҰЗАУ

Бүгін неге апамның Ашылмады қабағы? Толығырақ →

568 рет оқылды
Сақтау

ҚҰЛЫН

Құрау, құрау, құлыным, Құрығыма түсе ғой. Толығырақ →

915 рет оқылды
Сақтау

ЛАҚ

Керегені сүзуге Үйретіп ем лақты, Толығырақ →

2731 рет оқылды
Сақтау

ТӨР. ТЕКЕМЕТ

Біз барамыз жайлауға, Асыр салып ойнауға, Толығырақ →

619 рет оқылды
Сақтау