Несіпбек Айтұлы

Несіпбек Айтұлы (1950 ж.т.) – ақын. Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданына қарасты Теректі ауылының Апиынды бұлақ деген жерінде дүниеге келген.

Алғашқы «Балалық» деген өлеңі 1965 жылы Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде, алғашқы топтамасы 1972 жылы Мұқағали Мақатаевтың сәт сапар тілеуімен «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде, алғашқы кітабы 1974 жылы «Қозыкөш» деген атпен жарық көрді. «Жүректегі жаңғырықтар», «Әке туралы сыр», «Жаңбыр әні», «Түнделеп ұшқан тырналар», «Рухымның падишасы», «Мұқағали Желтоқсан», «Бәйтерек»; балаларға арналған «Балабақшаға барар жолда», «Желкілдеп өскен құрақтай», «Күміс күйме» («Серебряный сундучок») «Қартаймайды күн неге?» атты кітаптары, «Ескендір қорғаны» (Ә.Науаи), «Игорь жорығы туралы жыр», т.б. аударма кітаптары шыққан.

«Көз жасым» (2006), «Бөрітостаған» (2007), «Құланойнақ» (2009) атты кітаптары және «Бөгенбай», «Бердіқожа», «Шақантай», «Қараөткел қырғыны», т.б. поэмалары жарық көрген.

Қазақстан Жазушылар одағының Мұқағали Мақатаев және Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтардың лауреаты. «Парасат» орденінің иегері.

Публикации автора (2)

АҢҚАУ АЮ

Атам таңнан тұратын, Ерттеп мініп құла атын... Толығырақ →

1610 рет оқылды
Сақтау

АЯДЫМ

Қара тайым тым жүрдек, Желе аяңдап басады. Толығырақ →

867 рет оқылды
Сақтау