Адырбек Сопыбеков

Адырбек Сопыбеков (1937 ж.т.) – балалар ақыны. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының Кеңес ауылында дүниеге келген. . Бір топ өлеңдері «Қазақ балалар поэзиясының антологиясына» (1977), «Антология казахской детской поэзии» (1983) және «Қазіргі қазақ балалар поэзиясының антологиясына» (1992) енген.

КСРО Жазушылар одағының Құрмет грамотасымен (1989), Қазақстан Журналистер одағының Құрмет грамотасымен (1983), Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің Құрмет грамотасымен (1991), Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен (1997), Қызылорда облыстық Мәслихатының Грамотасымен (1996) марапатталған. «Еңбек ардагері», «Еңбектегі жетістіктері үшін» және «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медальдарының иегері. Жаңақорған кентінің Құрметті азаматы (1987), Қазақстанның Құрметті журналисі (2008).

Шығармалары: «Көзілдірік». Өлеңдер. А., «Жазушы», 1966; «Айға сапар». Фантастикалық поэма. А., «Жазушы», 1967; «Шешілген жұмбақ». «Суретті кітапша». А., «Жазушы», 1969; «Кім қалай ұйықтайды». Өлеңдер мен аңыздар. А., «Жазушы», 1973; «Көктем жыры». Өлеңдер. А., «Жалын», 1976; «Базарлық». Өлеңдер. А., «Жалын», 1981, т.б.

Публикации автора (7)

МЕНІҢ «ӘЛІППЕМ»

Қолға кітап тигеннен, Таудай болып үйге енгем. Толығырақ →

707 рет оқылды
Сақтау

КӘМПИТ ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ?

Ойнап жүріп топ бала Кәмпит жайлы таласты. Толығырақ →

763 рет оқылды
Сақтау

АҒАЛАР

Тың даланы түлетті, Шөл далаға гүл екті. Толығырақ →

671 рет оқылды
Сақтау

СУРЕТ САЛДЫМ

Суретін мен бір адамның Салайын деп қалам алдым. Толығырақ →

820 рет оқылды
Сақтау

КҮНБАҒАР

Бақшада биік Күнбағар өсті. Толығырақ →

767 рет оқылды
Сақтау

ҚОРАЗҒА

Оятпа, қораз, сен бізді, Өзім де сездім, таң атты. Толығырақ →

725 рет оқылды
Сақтау

КӨЗІЛДІРІК

Көзілдірік ап келдім, Әжем қалды қуанып. Толығырақ →

799 рет оқылды
Сақтау