Кәп Құмарұлы

Кәп Құмарұлы (1933 ж.т.) – ақын. ҚХР-дың Алтай аймағының Көктоғай деген жерінде туған. Жасында айтыс ақыны болған. 1959 жылдан бері өлең жазады. «Қызыл ту», «Кәрібоз», «Таудай болғым келеді», «Қос қанат», «Қос ішек», «Арпагер», «Тайқызыл», «Ырғайлы жартас» атты кітаптары жарық көрген. «Халықтық педагогика-ұлттық қазына» атты оқу құралының авторы. 1992 жылы Баян-Өлгей аймағының «Маңдайалды озат ұстазы» атағына ие болған. Облыстық Білім департаментінің «Құрмет» грамоталарымен марапатталған. Аймақтық, республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Публикации автора (1)

АТА ӨСИЕТІ

Кел, кел, балам, кел, балам, Айтайын ақыл, мен саған. Демесін ешкім өзіңді Толығырақ →

3565 рет оқылды
Сақтау