Сейфолла Оспан

Сейфолла Оспан (1938 ж.т.) – балаалр ақыны. Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, Құндызды ауылында дүниеге келген.

1961 жылы жарық көрген «Жас дәурен» атты ұжымдық жинақтан бастау алған шығармашылығы кейін балаларға арналған «Қалақай», «Балақойған», «Жалбыз» атты жыр жинақтарымен қоса «Жазғы жауын», «Бақытқа хат», «Құндыздым, менің жұлдыздым», «Ар мен ән», «Жанарымда жан сырым», «Көңіл сәулесі», «Самала» т.б. жыр жинақтарында жалғасын тапқан. 2004 жылы «Алдымнан атқан ақ таңым», «Қанағат» атты таңдамалылары «Сырдария кітапханасы» сериясымен 2009 жылы «Қанағат», «Тағзым», «Жалбыз» сияқты үш томдық жыр жинақтары жарық көрген.

Балалар сахнасына лайықтап өлеңмен «Мұңлық-Зарлық», «Асан-Үсен», «Аяз би» атты пьесалар жазған.

Қазақ әдебиеті мен өнерінің тарландары жайлы мақалалар жинағы «Білім» баспасынан «Қанаты қырқылған қырандар» (2008), «Бала болмай, дана болып туғандар» (2009) деген атпен екі том боп жарық көрген.

Публикации автора (7)

НЕ ЖАҚСЫ?

Біріншіден не жақсы? Биязы мінез, тілалғыш, Толығырақ →

1677 рет оқылды
Сақтау

НЕ ЖАМАН?

Біріншіден не жаман? Беті-қолың кір-кір боп, Толығырақ →

2387 рет оқылды
Сақтау

ЕРКЕЛЕЙДІ СҰР КҮШІК

Менің інім бар еді Р-ға тілі келмейтін. Толығырақ →

880 рет оқылды
Сақтау

БИДАЙ СӨЙЛЕЙДІ

Мен тұқым болдым, Жерге себілдім. Толығырақ →

842 рет оқылды
Сақтау

СУРЕТШІ

Салмақ боп алманы, Майысты бармағы. Толығырақ →

835 рет оқылды
Сақтау

ЖЕР ТУРАЛЫ ЖЫР

Өзіңнен нәр алдым, жаралдым, Қара жер, Ана жер көлбеген. Толығырақ →

1024 рет оқылды
Сақтау

БАҚЫТ ЖЫРЫ

Кілемдейін құлпырады Тербетілген даламыз. Толығырақ →

1084 рет оқылды
Сақтау