Ермек Өтетілеуов

Ермек Өтетілеуов (1938–2006)

1 қаңтарда Ақмола қаласында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты филология факультетінің орыс тілі мен әдебиеті бөлімін бітірген. 
1962–1964 жж. Целиноград (қазіргі Ақмола) облысы, Қорғалжың аудандық газетінде қызмет істеген. 1964–1974 жж. республикалық «Балдырған» журналында, 1974–1976 жж. «Жазушы» баспасында редактор, ал 1976 жылдан бастап «Жалын» баспасында аға редактор, бөлім меңгерушісі болып істеді.
Ақынның алғашқы өлеңдері алпысыншы жылдары жарық көре бастады. Жекелеген әңгіме, өлеңдері орыс, болгар, украин, грузин, армян, азербайжан, татар тілдеріне аударылған. Біраз өлеңдері балаларға арналған басылымдарға, қазақ мектебінің оқулықтарына енген.
Қазақ тілінде оның аудармасында Л.Толстойдың, Д.Ушинскийдің балаларға арналған әңгімелері, С.Михалков, О.Дриз, Я.Аким, Б.Заходер, П.Реброның өлеңдері жарық көрді. 
Шығармалары: Алыптың алыбы. А., «Жазушы», 1965; Бос шелек. А., «Жазушы», 1968; Жұлдызша. А., «Жазушы», 1972; Әдептілік – әдемілік. А., «Мектеп», 1975; Биік үйдің балалары. А., «Жалын», 1977; Алақай. А., «Жалын», 1981; Тілашар. А., «Жалын», 1982; Ең күшті адам. А.,»Жалын», 1983; Великан из великанов. А., «Жалын», 1984; Балақай. А., «Жалын», 1986; Өсіп келе жатырмыз. Өлеңдер. А., «Балауса», 1991; Жанашыр. Әңгімелер. А., «Рауан», 1997; Атамекен – Қазақстан. Өлеңдер. А., «Жеті жарғы», 1997; Әдептілік – әдемілік. «Рауан», 1997; Алақан. А., 2002.

Публикации автора (3)

КҮЗ

– Алақай! Шаттанады Балақай: Толығырақ →

1641 рет оқылды
Сақтау

АЛТАЙ

Шығыста асқар аймағым – Асыл Алтай, ер Алтай. Толығырақ →

1399 рет оқылды
Сақтау

АТА ТІЛЕГІ

Айналайын балашым, Аман болсын анашың! Толығырақ →

1889 рет оқылды
Сақтау