Көсемәлі Сәттібайұлы

Көсемәлі Сәттібайұлы (1959 ж.т.) – жазушы, журналист. Жамбыл облысы, Талас ауданы, Аманкелді ауылында дүниеге келген. Қаламгердің «Елгезек Бағдаршам, Тоқ-Қуат және басқалар» деп аталатын ертегі-хикаяты «Жалын» баспасының жасөспірімдер мен балаларға арналған шығармаларға жарияланған жабық бәйгесінде (1988) екінші жүлдеге ие болды. «Дарабоз» әдеби жабық бәйгелерінің бірнеше дүркін (2007-2008) жүлдегері. Б.Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты. Жазушының «Шеткері үйдің жарығы» (1995), «Елгезек Бағдаршам, Тоқ-Қуат және басқалар» (қазақ, орыс тілдерінде, 2000) және «Күнге ғашық өлкеде» (2001), «Тараздан тәберік», «Шындыққа қызығамын, шындықты аяймын...», «Шарбақтының жалғызы», т.б. кітаптары жарық көрген.

Публикации автора (1)

БІЗДІҢ АУЫЛДАН ШЫҚҚАН ЛИОНЕЛЬ МЕССИ немесе мен ұятпен қалай кездестім?

Өмір дегеннің ғибраты кілең кереғарлықтан тұра ма, қалай өзі? Мысалы, менің велосипедім бар да, есегім жоқ. Толығырақ →

1280 рет оқылды
Сақтау