Жанат Елшібеков

1947 жылы 10 мамырда Алматы облысының Қаратал ауданына қарасты Қызылбалық ауылында туған. 1969 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтының филология факультетін бітірген. Соңғы курста оқып жүрген кезінде республикалық жастар газеті «Лениншіл жасқа» (қазіргі «Жас Алаш») қызметке орналасқан. Әдеби қызметкер, жауапты хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі болып жұмыс жасады. 1978 жылдың сәуір айынан бері «Егемен Қазақстанда» көркемдеу және газет безендіру, жаңалық, спорт және туризм, экономика бөлімдерін басқарып, редакциялық алқаның мүшесі болған. Қазір редакцияның жауапты хатшысы. Қаратал ауданының Құрметті азаматы. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының үш мәрте лауреаты.

Оннан астам деректі, публицистикалық, көркемәдеби кітаптарының авторы. «Қош бол, теңіз…» повесі республикалық «Жалын» баспасының балалар мен жасөспірімдерге арналған жабық бәйгесінде жүлде алған. Көркем очерктері, эсселері, мақалалары елуге жуық жинақтарға енген. Шығармалар жинағының бес томдығы 2007 жылы «Елорда» баспасынан жарық көрген.

Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған, «Астанаға – 10 жыл» мерекелік медальдарымен, Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Шығармалары: Жауқазын. Деректі повесть. А., «Қайнар», 1976; Студенттік меридиандар. Очерктер. А., «Мектеп», 1978; Сен білесің бе? Үйрен, ізден, ойлан. А., «Жалын», 1981; Алтын ұя. Очерктер. Репортаждар. А., «Мектеп», 1983; Атамекен. Фотоәңгімелер. А., «Жалын», 1984; Қарлығаш. Суретті кітапша. А., «Жалын», 1989; Жоғалған теңіз. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1991; «Зерек». Танымдық ойындар әлемінде. А., «Өнер», 1991; Мың бір қызық. Оқиғалар, деректер. А., «Өнер», 1995; Шағалалар жылай ма, осы? Очерк, көсемсөз, ойтолғақ, деректі әңгіме, эссе. А., «Қайнар», 1996; Қош бол, теңіз… Повестер мен әңгімелер. А., «Елорда», 2001; Таным. Ғажайыптар мен оқиғалар. А., «Елорда», 2003; Уақытсынап. Деректі әңгімелер, әдеби портреттер мен эсселер. А., «Қайнар», 2008.

Публикации автора (1)

ТҮЙЕ МІНГЕН АДАМ

Бағана бізге түрпідей көрінген әпенді атайды қоршап алдық. Ол да мәз. Екі езуі – екі құлағында. Шай ішкендей бора-бора терлеп кетіпті. Толығырақ →

958 рет оқылды
Сақтау