Әлсейіт Ақпанбетұлы

1943 жылы 22 шілдеде Қызылорда облысы, Сырдария ауданында дүниеге келген. 1959–1962 жж. кеңшарда, құрылыс басқармасында істеген. 1966 жылы Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институттың филология факультетін бітірген. 1966–1973 жж. Сырдария ауданындағы орта мектептерде мұғалім, аудандық оқу бөлімінде әдіскер, 1973–1977 жж. «Мектеп» баспасында редактор, 1977–1981 жж.

Қазақ КСР Оқу министрлігінде инспектор, Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылымизерттеу институтында ғылыми қызметкер, 1981–1990 жж. Қазақ радиосының әдебидрамалық хабарлар Бас редакциясында редактор болып жұмыс істеген. 1991 жылдан бері республикалық балалар басылымы «Балдырған» журналында бөлім редакторы, редакцияның алқа мүшесі. ҚР білім беру ісінің үздігі.

Алғашқы өлеңдері 1964–1965 жж. өлкелік «Оңтүстік Қазақстан», облыстық «Ленин жолы» газеттерінде жарияланды. Жазушының «Түнгі көбелек» аталатын трагикомедиясы 1998 жылдан Қызылорданың Нартай Бекежанов атындағы музыкалықдрама театрында, Шымкенттің Ж.Шанин атындағы драма театрында қойылып келеді. «Дүниедуман» комедиясы қазақтың мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында 2001 жылдан қойылуда.

Шығармалары: Тұңғыш кітап. Поэма және өлеңдер. А., «Жалын», 1977; Бал дәмі. Өлеңдер. А., «Жалын», 1980; Нұр жауған күн. Өлеңдер. А., «Жалын», 1984; Той үстінде. Әңгімелер. А., «Жалын», 1988; Қатын қашқан. Әңгімелер, хикаялар, ертегілер. А., «Жалын», 1994; Өтеді күндер. Өлеңдер. А., «Арыс», 2006; Сыңар аққу. Әңгімелер, хикаялар, пьесалар. «Фолиант», 2008.

Публикации автора (3)

ТҮС

Ержігіт бүгін түс көрді. Түсінде қиын іс көрді: Мектептен жалғыз қайтты. Үйге кірді. Тым-тырыс. Тірі жанның бар-жоғы білінбейді. Толығырақ →

435 рет оқылды
Сақтау

ҚОҢЫР КҮРТЕ

Кемпір дарияның арғы бетіндегі төркініне қыдырып кетті. Ержігіт түнемелік әжесінің қасында жататын. Толығырақ →

387 рет оқылды
Сақтау

ҚЫРСЫҚ

Ержігіт күн сайын еркеліктің неше атасын көрсетеді. Оған үйдегілер бірде қарқ-қарқ күлісіп мәз болса, кейде шарт-бұрт боп, шырт ете түсіп... Толығырақ →

581 рет оқылды
Сақтау