Оразбай Байбақұлы

Оразбай Байбақұлы 1942 жылы 10 мамырда Шығыс Қазақстанның Құлжа қаласында туған. 1958 жылы ата қонысы Райымбек ауданының Жалаңаш ауылына келіп, ірге тебеді.

Жетістіктері

1963 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетіне оқуға түсіп, оны бітіріп шыққан соң «Қуыршақ» театрында, Жамбыл, Шелек, Балқаш аудандарында, сондай-ақ халықаралық «Шалқар», республикалық «Әділет» газеттерінде қызмет істейді.

Еңбегі

Алғашқы өлеңі 1959 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде жарық көрді. Ересектермен қоса балалар тақырыбына арналған өлеңдері, әңгімелері, ертегілері бар. Бодандықтың тақсіретін тартқан қазақ халқының басынан өткен қанқұйлы жылдар жайындағы «Қасіретті ғасыр», 1986 жылғы Желтоқсан қаһармандарына арналған «Намыс» атты поэмалары жарық көрген.

  • Ақын қазір шығармашылық демалыста.

Шығармалары

  • Таңғы шық. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1967;
  • Таңғы шапағы. Өлеңдер. А., «Жалын», 1984;
  • Тоғызбұлақ. Өлеңдер. «Жалын», 1989;
  • Бозторғай. Өлеңдер. А., «Балауса», 1992;
  • Махаббат - мәңгі көктем. Өлеңдер. «Жазушы», 2005;
  • Құштарлық. Өлеңдер. «Жазушы», 2005;
  • Дәнекер. Өлеңдер. А., «Жазушы», 2006;
  • Жанымның жаңғырығы. Өлеңдер. А., «Жазушы», 2007;
  • Балаларға базарлық. Өлеңдер, әңгімелер. А., «Жазушы», 2007;
  • Жүрегімнің лүпілі. Өлеңдер. А., «Жазушы», 2008;
  • Күншуақ пен көлеңке. Өлеңдер. А., «Жазушы», 2008;
  • Қызылбүрген. Өлеңдер мен естеліктер. А., «Жазушы», 2009;
  • Қонжық пен көжек. Өлеңдер мен әңгімелер, ертегілер. А., «Жазушы», 2009;
  • Жүрегіме жүгіндім. Өлеңдер, естеліктер. А., «Жазушы», 2009.

Публикации автора (10)

ҚАРЛЫFАШ

Көктем шыға бере орман арасындағы қазақ үй шаңы­рағының ішкі кенересіне ұя салған Қарлығаш Толығырақ →

392 рет оқылды
Сақтау

БыдыҚтыҢ бастан кешкендері

Быдық – қоңыр аю Аршагүл апайдың кенжесі. Өзі ширақ әрі пысық. Соңғы кездері сөздерді ұйқастырып, өлең шығаратын әдет тауып алды. Толығырақ →

522 рет оқылды
Сақтау

КҮлме досҚа...

Биік әрі тік үлкен жартастың тұсындағы қуыстарға қо­ныстан­ған үйрек пен қаздардың балапан шығаратын мезгілі жақын­дап қалған. Толығырақ →

482 рет оқылды
Сақтау

ТҮЛКІ МЕН ҚОНЖЫҚ

Атырапқа қулығымен аты шыққан қарт түлкінің не­мересі Жымсыма ұстаздарының өнерін кәдімгідей мең­­геріп алған. Күнде ерте тұрып, тышқан аулайды. Толығырақ →

414 рет оқылды
Сақтау

КІМ АҚЫЛДЫ?

Шешендігімен ауыл-аймаққа белгілі Сұқсырдың «аға­йын­ды» күшіктері – Жылпың мен Қылтың тәп-тәуір есейіп қалып еді. Толығырақ →

439 рет оқылды
Сақтау

БӘЙТЕРЕК

Астана – Отан жүрегі, Мен де сенем, ел сенбек Толығырақ →

692 рет оқылды
Сақтау

КӨК ТУ

Тамашалап қайтуға Астанаға барғанбыз, Толығырақ →

1318 рет оқылды
Сақтау

БІЗДІҢ ОТАН

Таулы, тасты сала көп, Сірә, мұндай дала жоқ. Толығырақ →

653 рет оқылды
Сақтау

КЕМЕЛДІҢ КЕКІЛІКТЕРІ

Үйелмелі-сүйелмелі Қуаныш пен Кемел іңір түсе мал қораның есігін жауып жатқан. Кенет көрші үйдегі Жәмила апайдың Толығырақ →

892 рет оқылды
Сақтау

АЙШҰБАР

Жолшы екеуміз кеше ата-аналарымыздан тауға шығып, рауғаш жинап қайтуға рұқсат алғанбыз. Толығырақ →

694 рет оқылды
Сақтау