Әлдихан Қалдыбаев

Әлдихан Қалдыбаев 1939 жылы 3 қазанда Жамбыл облысының Шу ауданындағы «Кербұлақ» ұжымшарында туған.

1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Еңбек жолын 1963 жылы Қызылорда облысының Арал ауданындағы Бөген орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мүғалімі болып бастаған. 1965 жылдан Жамбыл облыстық телевизия және радио хабарларын тарату жөніндегі комитетінде редактор, облыстық «Еңбек туы» газетінде әдеби қызметкер, Жамбыл облыстық партия комитетінің нұсқаушысы болып қызмет атқарды. 1976—1995 жылдары облыстық «Еңбек туы» (кейін «Ақ жол») газеті редакторының орынбасары, облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы болған. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтары облыстық ұйымдарының төрағасы болған. Қазір зейнеткер.

Балалар мен жасөспірімдерге арналған

  • «Көк дөңгелек» (1962),
  • «Қос тентек» (1964),
  • «Су тасушы Әшірбек» (1969),
  • «Байнаш солдат» (1969),
  • «Шаншар атай» (1970),
  • «Мишка — менің досым» (1973),
  • «Өзен жағасында» (1975),
  • «Солдат болу оңай ма?» (1975),
  • «Менің ағам — солдат» (1980),
  • «Көк дөңгелек» (1985),
  • «Автобус аялдамасы» (1990) кітаптарының авторы.
  • 1999 жылы «Ата» деген атпен таңдамалы шығармалары,
  • 2002 жылы «Мен — апамның баласымын» атты романы,
  • 2004 жылы екі томдық таңдамалы шығармалары,
  • 2008 — 2009 жылдары төрт томдық шығармалары,
  • 2009 жылы «Көңіл көмбесі» атты кітабы жарық көрген.

Жазушының бірқатар туындылары орыс, белорус, армян, түрікмен, татар тілдеріне аударылған.

«Шаншар атай» деп аталатын комедиясы 1980 жылы Жамбыл облыстық драма театрында койылып, балалар мен жастарға арналған спектакльдердің бүкілодақтық байқау-конкурсында бірінші орынға ие болды. «Қайран Ынтықбай ағай-ай» комедиясы қазақ телевизиясының алтын қорына енген. “Сәлім-Сәлима” атты драмасы еліміз театрларының бірнешеуінде қойылған. 2009 жылы Түркістан сазды-драма театрында «Әкімнің туған күні» атты трагикомедия қойылған.

“Құрмет” ордерінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, Жамбыл облысының Құрметті азаматы, Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының және Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.

Публикации автора (2)

БҮЛДІРГЕН ТЕРЕ БАРҒАНДА

Біздің жақта бүлдірген адырда болады. Жартастардың астына яки бұлақ бойына шығады. Толығырақ →

5876 рет оқылды
Сақтау

ШАНШАР АТАЙДЫҢ ШЕРТПЕГІ

Шаншар атай қызық өзі. Бала біткенге бүйідей тиеді. Қашан көрсең, шертпек алып жатқаны балалардың шекесінен. Толығырақ →

1502 рет оқылды
Сақтау