Әдібай Табылды

1926 жылы 2 қаңтарда Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы «Жаңа тұрмыс» ауылында дүниеге келген. 1944–1968 жж. ауыл мектептерінде пионер вожатый, оқытушы, оқу ісінің меңгерушісі (1944–1950), мектеп директоры (1950–1957), 1969–1980 жылдары «Қазақ совет энциклопедиясының» Бас редакциясында педагогика, тіл-әдебиет редакцияларының меңгерушісі, 1980 жылдан бері ҚазМҰУ-де жалпыпедагогика және этностық педагогика кафедрасында этнопедагогика, педагогика және оқыту-тәрбиелеу әдістемелері бойынша дәріс беріп келеді.

1959 жылы жарық көрген «Бөбекке сөз» кітабынан бастап 2001 жылғы «Қайырлы таң, балалар» атты таңдамалы жинағына дейін балаларға арналған 31 кітап шығарды. Үлкендерге арналған: «Ана – жүрек», «Жырлайды жүрек», «Қой бағу оңай ма?», «Мен кіммін, білесің бе?», «Жыр өмір» кітаптары жарық көрді. «Алыптардың алыбы», «Бәрекелді, Кірпі», «Ғажайып бақ», «Тентек балапан», «Абайлаңдар» сияқты ертегі пьесалары республикалық қуыршақ театрында (1969–1988) қойылды. «Ұлттық тәрбие иірімдері» (2001), «Қазақ этнопедагогикасы» (2001), «Қазақ этнопедагогикасын оқытудың әдістемесі», «Қазақ этнопедагогикасындағы құқық тәрбиесі» атты оқу құралдары шыққан. «Әдеп әліппесі» (1997) атты оқу құралы қазақ мектептерінде жеке пән ретінде, тәрбие құралы ретінде кеңінен пайдаланылады. Ғалымның «Халық тағылымы», «Тағылым», «Қазақ этнопедагогикасының методологиясы мен мәдениеттану мәселелері» (2000), т.б. ғылыми-монографиялық еңбектерін жоғары мектеп оқытушылары оқу-тәрбие ісіне пайдаланып жүр.

Ы.Алтынсарин атындағы сыйлықтың иегері болды (2001). Қазақ КСР және КСРО оқу ісінің озаты, бірнеше медальдар мен Құрмет Грамоталарының иегері.

Публикации автора (7)

ТЕНТЕК БАЛАПАН

Тамылжыған табиғат, аспан ашық, күн жарқырап тұр. Балапанын ертіп, тауық аулаға шығады. Толығырақ →

553 рет оқылды
Сақтау

ҚАСКҮНЕМ ҚАСҚЫР МЕН БАТЫР ҚОЯН

Орман алаңы. Қоян бір нәрсеге тесіліп қарап тұр. Қасқыр аңдып келіп, ұстай алады. Толығырақ →

662 рет оқылды
Сақтау

ҚАСИЕТТІ СӨЗ

Бастаушы. Аң патшасы арыстан бір күні қара ниет қасқырды шақырып алып, хайуанаттар қауымын аралауға шығыпты. Толығырақ →

662 рет оқылды
Сақтау

ӘДЕП

Қатысушылар: Білдірген Күлдірген Білдірген. Сәлематсыңдар ма, достар! Күлдірген, сен неге мынау Толығырақ →

360 рет оқылды
Сақтау

САЛТАН САЛАҚ

Кішкентай Салтанды ағасы Асан жанындай жақсы қөріп, оны «сары алтыным», «сары балапаным» дейді. Толығырақ →

1176 рет оқылды
Сақтау

ӘЖЕНІҢ ҚУАНЫШЫ

Ақжанның ақ әжесі оның ауылға келуін сағына күтті. Толығырақ →

902 рет оқылды
Сақтау

ЖАНАШЫР

Тұмаржан бес жасқа толғалы, әжесі мен атасының қасынан шықпайтын болды. Толығырақ →

649 рет оқылды
Сақтау