Байбол Әлібек

Байбол Әлібек Уәлиханұлы 1987 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Үлкен Жалаңаш ауылында туған. 2005 жылы №147 мектеп-гимназиясын тәмамдаған соң, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетіне түседі. Ол оқу ордасын 2009 жылы бітірген соң, Қазақстан Жазушылар одағына қарасты Республикалық «Қазақ әдебиеті» әдеби, мәдени апталығына тілші боп орналасады. Әлібек «Теміржол вокзалы», «Құлдар патшалығы», «Ой ұшқындары» атты 3 прозалық кітаптің және 8-ге жуық пьесаның авторы. «Гүлдің аты – Махаббат» атты пьесасы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры ұйымдастырған жас драматургтар байқауында 40 шығарманың ішінен үздік бестікке енсе, 2018 жылы «Әріптер әлеміне саяхат» пьесасы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық Балалар мен жасөспірімдер театрында сахналанды. Әлібек Байбол аударған испан драмашысы, ақыны Г.Лорка мен Нобель сыйлығының лауреаты, ағылшын драмашысы Дж.Голсуорсидің пьесалары Т.Жүргенев атындағы Өнер академиясында әлі күнге шейін сахналанып жүр. Жас қаламгер 2010 жылы Халықаралық «Дарабоз», 2013 жылы Халықаралық Махмұт Қашқари, 2014 жылы «Тәуелсіздік танытқан таланттар», 2016 «Үркер-үміт» сыйлықтары мен Тұңғыш Президент қоры ұйымдастырған «Алтын тобылғы» әдеби бәйгесінің Драматургия номинациясы бойынша Гран-При иегері. Бүгіндері ол М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, әрі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің I курс докторанты.

 
https://adebiportal.kz/kz/auylym/view/707



Публикации автора (5)

Бес

Анасы мен баласы «Алматы-1»-ден «Алматы-2» теміржол бекеті маңына көшкен еді. Толығырақ →

180 рет оқылды
Сақтау

Қағаз кеме

Дарханның сусыма қара шашы, сұңғақ бойы, күлгенде маржандай тізілер аппақ тістері, мазмұнға толы көздері оны басқа еркек кіндіктіден даралап, ерекше етіп көрсетуші еді. Толығырақ →

159 рет оқылды
Сақтау
168 рет оқылды
Сақтау