Тұрдақын Жексенбай

1938 жылы Қытайдың Іле аймағы, Текес ауданы, Шолақмыс деген елді мекенінде туған. 1956 жылы Ахметжан Қасыми атындағы Құлжа педучилищесін бітірген. 1956–1961 жылдары сол училищеде тіләдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. 1961–1962 жылдары Алматы облысы, Ұйғыр ауданындағы Қырғызсай орта мектебінде ұстаздық қызмет атқарған. 1968 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған.

1968 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде, 1968–1997 жылдар аралығында «Қазақ энциклопедиясы» бас редакциясында қызмет еткен. 1997–2006 жылдары «Атамұра» корпорациясында қазақ тіліндегі әдебиеттер редакциясын басқарған. 2006 жылдан еркін шығармашылық жұмыста.

«Аялы алақан», «Тау хикаялары», «Түлкі мен қоян», «Бүркіт», «Қоңыр қонжық», «Әліпби әңгімелері» сияқты прозалық кітаптардың авторы. «Арманай», «Сарбұлағым», «Алатауым» атты әндері бар. «Азулылар айқасы» атты тұңғыш әңгімелер жинағы 1985 жылы шыққан.

Қазақстан Республикасының үздік баспагері. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен және медальдарымен марапатталған.

Публикации автора (7)

БАҚА МЕН БАЛЫҚ

«Өзі балпақ, басы жалпақ, бұты талтақ» бір Бақа көл жаға­сындағы көгалда жүрген. Ол секіре-секіре көл шетіне келіп, мөлдір суға қызыға қарап отырды. Толығырақ →

983 рет оқылды
Сақтау

ЛАҚ ПЕН БҰЛАҚ

Ақ ешкінің қардай аппақ Ақ лағы енесімен бірге өрісте жүрген. Ол жанында сылдырай ағып жатқан Бұлаққа келіп, оны кешіп тұрып су ішті. Толығырақ →

830 рет оқылды
Сақтау

ИНЕЛІК ПЕН ТИІН

Орманды мекендейтін жирен Тиін ағаштағы ұясының алдында отырған. Оның қасына бадырақ көз, инедей жіңішке бір Инелік ұшып келді. Толығырақ →

875 рет оқылды
Сақтау

ТҮЛКІ МЕН ҚОЯН

Ұзын құлақ сұр Қоян қашып келіп, бұта түбінде бұғып отырған. Бір қу Түлкі оның ізіне түсіп, қуып келе жатқан. Толығырақ →

1613 рет оқылды
Сақтау

СУЫР МЕН СҰР ҚОЯН

Тау беткейіндегі қалың орманның шет жағын балпиған бір сары Суыр мекендеуші еді. Ол таңертеңгілік інінен сыртқа шықты. Толығырақ →

539 рет оқылды
Сақтау

ҮШ ДОС

Ермек деген баланың ақ күшігі мен көк күшігі болды. Толығырақ →

2039 рет оқылды
Сақтау

ҚАСҚЫР МЕН ҚАРА ҚОЗЫ

Ол кезде әкей ұжымшардың қойын бағатын. Мектептен жазғы демалысқа тарасымен, мен де малдың бір жағына шығысып, о кісіге қолғанат болатынмын. Толығырақ →

1817 рет оқылды
Сақтау