Әбділдабек Салықбай

Әбділдабек САЛЫҚБАЙ (1962 ж.т.) – жазушы, аудармашы. Семей облысы Мұқаншы ауданы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы) Қызылбұлақ ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Семей педагогикалық институтының филология факультетін бітіріп,  бірер жылдай ауылда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берді. 1987-1990 жылдары «Ұлан» газетінде, Қазақ энциклопедиясында қызмет атқарды.

1998 жылы тұңғыш «Нартай» атты жинағы  жарық көрді. 2001 жылы «Білінбей өткен бір ғұмыр», 2010 жылы «Түн түнегіндегі екеу» кітаптары баспадан шықты.

«ҚР Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісінің, Ы. Алтынсарин, Б. Момышұлы, С. Нұрмағанбетов атындағы медальдардың иегері. 2016 жылы ХІ рет өткізілген Халықаралық «Дарабоз»  әдеби бәйгесінде «Ілияс мінген Қарагер» әңгімесі үшін «Дарабоз» сыйлығының Бас бәйгесін (Гран-при) жеңіп алды. Қазіргі таңда «Қазақ тарихы», «Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл» журналдарының бас редакторы.

Публикации автора (2)

САҚ ШЫРАҚ

Шырақ. Айару! Бері қарашы! Анау зеңгір аспан мен көз ұшын-дағы көкжиек, мына көк майса көгал мен мөлдір бұлақ қандай ғажап! Толығырақ →

832 рет оқылды
Сақтау

АЗАТТЫ АЗАТ ЕТКЕН АРМАН БАЛА

Ерте, ерте, ертеде, ешкi жүнi бөртеде, ұшы-қиырсыз са-йын далада өмiрi бiр етек-жеңi жиылмайтын Толығырақ →

363 рет оқылды
Сақтау